1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды. Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен қызықты сайыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар сурет салу, спорттық эстафеталар және көңілді викториналар ұйымдастырылып, балалар өз өнерлері мен шеберліктерін көрсетті. Қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, тәтті сыйлықтар табысталды.
Мектебіміздің 3-сынып оқушысы Тоқсанбай Альфия және 8-сынып оқушысы Еқсан Сара Айыртау ауданы әкімінің алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара барысында балаларға қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын құрметтеу және бақытты балалық шақтың маңыздылығы туралы айтылды. Мереке қызықты әрі әсерлі өтіп, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.





