"Мәдениет орта мектебі" КММ
Официальный интернет-ресурс

Адал еңбек - ұстаздың өлшеусіз мұраты

Previous Next
Адал еңбек - ұстаздың өлшеусіз мұраты. Ұстаз шәкірт жүрегіне білім мен ізгілік дәнін сеуіп, жас ұрпақтың санасын оятады.Ұстаз еңбегі тек сабақ беру емес, болашақ тұлғаны қалыптастыру, ұлт тағдырына жауапкершілікпен қарау, сол арқылы жарық жұлдыздай жол сілтеу, еңбегінің жемісі-саналы, білімді шәкірт. Мектебіміздің талай жылды артқа тастап, үсдіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі, білікті ұстазымыз–математика пәнінің мұғалімі Абильтаева Жанар Сабырқызы. Жанар Сабырқызы 1964 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жолдыбай ауылында дүниеге келіп, сегіз жылдықты бітіріп, Көкшетау қаласы №3 М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебін бітірді. 1981 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының физика –математика факультетіне түсіп, 1986 жылы бітірді. Осы жылы ең алғаш еңбек жолын Жолдыбай сегіз жылдық мектебінен бастап, 1993 жылдан бері Мәдениет орта мектебінде үздіксіз, адал еңбек атқаруда.а
«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» демекші Жанар Сабырқызы ұстаздық жолда үнемі ізденушілігінің, жауапкершілігінің, шығармашылығының арқасында шәкірттерін өз пәніне деген қызығушылықтарын арттыра білді. Әр ісін ұқыптылықпен орындай отырып, талапшыл ұстаз екенін де көрсете білді. Тәжірибелі ұстаз әр сабағына үлкен жауапкершілікпен қарап, сабағын түрлендіре отырып, инновациялық технологияларды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, өзін заман талабына сай жаңашыл ұстаз екенін таныта білді. Білікті ұстаз математика мұғалімдеріне арналған облыстық «Кемеңгер» олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегері. Оқушылары «Кенгуру» олимпиадасының және пән олимпиадаларының жеңімпаздары атанды. Үздіксіз және нәтижелі еңбегі үшін Жанар Сабырқызы «Аудандық білім саласын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін» мадақтама грамотасымен, «Облыстық білім беру жүйесін дамытуға зор жеке үлесін қосқаны үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, Жанар Сабырқызы–көпшілікті өзінің ақындық өнерімен де тәнті етіп жүрген шығармашыл ұстаз. Мектеп ішінде, аудандық басылымдарда өлеңмен өрілген біршама өлеңдері жарияланды. Ұстаз ұжымда беделі жоғары, сыйлы. Кейінгі буынмен өз тәжірибесімен бөлісіп, ағалық ақылын аямайтын дана ұстаз.
Бүгінгі таңда Жанар Сабырқызы ұжымымыздың үлгі аларлықтай білікті де беделді, тәжірибелі ұстазы және ұл, қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана, немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.
«Адал еңбек мұратқа жеткізер» дегендей, Жанар Сабырқызы -адал да табанды еңбегінің арқасында көптің алғысына бөленіп отырған бақытты жан.
Мәдениет орта мектебінің бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы: Жусупова М.Г.
Записаться на прием