"Мәдениет орта мектебі" КММ
Официальный интернет-ресурс

“Бүгінгі студент - ертеңгі маман” тақырыбында өте мазмұнды кездесу ұйымдастырылды

Previous Next
Мәдениет орта мектебінде 14 қаңтар күні 8,9,10-сынып оқушыларымен мектебіміздің түлектерімен “Бүгінгі студент - ертеңгі маман” тақырыбында өте мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шарамызға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері: Кеншінбай Ділназ және Мұратбек Сабина;
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері: Табылдынова Әдима, Хайроллов Ақжол, Құбаш Ерасыл, Әбілтай Жасұлан, Талапов Рахат.
Кездесу барысында студенттер өз университеттері мен таңдаған мамандықтарының артықшылығы мен кем тұстарын саралап оқушыларға ой салды, оқушы кез бен студенттік шақтың айырмашылығы жөнінде ой қозғап, еркіндік пен жауапкершіліктің арақатынасы, жаңа ортаға бейімделу, өз бетімен шешім қабылдаудың маңызы туралы әңгіме өрбітті.
Студенттер жас буынға өздерінің пайдалы кеңестерін айтып, білім алудағы тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өзін-өзі дамытуына бағыт беру сонымен қатар оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізу мақсатында ұйымдастырылды.
Записаться на прием