"Мәдениет орта мектебі" КММ
Официальный интернет-ресурс

«Көрсетілімдік сот отырыстары – азаматтық жауапкершілік кепілі» тақырыбындағы мектепішілік дебат турниріне қатысты.

Previous Next
Мәдениет орта мектебінің 8–9 сынып оқушылары құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған, «Көрсетілімдік сот отырыстары – азаматтық жауапкершілік кепілі» тақырыбындағы мектепішілік дебат турниріне қатысты.
Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты оқушылар ой ұшқырлығы мен сөз мәдениетін серік етіп, парасат майданына түсті. Қоғамдағы түйткілді мәселелерді үкімет пен оппозиция тұрғысынан талдап, жеке азаматтық ұстанымдары мен шешу жолдарын көрсетті. Қызықты да тартысқа толы өткен сөз додасында оқушылар сот процесінің тәртібімен, судья, прокурор, қорғаушы және басқа да сот қатысушыларының міндеттерімен танысты.
Көрсетілімдік сот отырыстары оқушыларға заң талаптарын тереңірек түсінуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
Записаться на прием