Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушылардың бойына салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Ұлттық ойындар күні» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара барысында оқушылар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойындарды ойнап, ерекше әсер алды. Іс-шара барысында «Арқан тарту», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қол күрес» сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Оқушылар белсенділік танытып, ептілік, жылдамдық, ұйымшылдық қасиеттерін көрсетті. Сонымен қатар, шара барысында ұлттық киімдер киіліп, қазақтың салт-дәстүрлері насихатталды. Оқушылар тек ойнап қана қоймай, ұлттық ойындардың тарихы мен маңызы туралы мәлімет алды.
Новости
«Ұлттық ойындар күні» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды
Просмотров: 24





