Бүгінгі күні яғни 21 қаңтар “Тәрбие және жауапкершілік” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігін арттыру, оқушының тұлғалық дамуына бірлесе ықпал ету.
Тәрбие – отбасыдан басталатын ең маңызды құндылық. Бала бойындағы адамгершілік, сыйластық, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер ең алдымен ата-ананың күнделікті үлгісі арқылы қалыптасады. Ал жауапкершілік – сол тәрбиенің нәтижесі, яғни баланың өз ісіне, оқуына, мінез-құлқына саналы түрде жауап беруі.
Қазіргі қоғамда бала тек білім алып қана қоймай, өз пікірін ашық айта алатын, заң мен тәртіпті сақтайтын, өз әрекетінің салдарын түсінетін азамат болып қалыптасуы тиіс. Бұл жолда мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс ерекше маңызға ие. Мұғалім балаға бағыт-бағдар берсе, ата-ана оны күнделікті өмірде қолдап, бақылап, дұрыс жолға жетелеуі қажет.
Жиналыс барысында:
• бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі;
• оқушының жауапкершілігін қалыптастыру жолдары;
• тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері;
• мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы туралы ойлар ортаға салынды.





