Бүгін мектеп психологі М.Г.Жусупова "Жасөспірімдердің дәрі-дәрмек арқылы суицид әрекетінің алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді және дәріс ата-аналар чатына жіберілді.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды суицидтік мінез-құлықтың алғашқы белгілерін тануға үйрету, балаларға эмоционалдық қолдау көрсету және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын бірге талқылау.
Әрбір ата-ана баласының психологиялық жағдайына бейжай қарамай, уақтылы қолдау көрсету арқылы оның өміріне оң әсер ете алады.
Балаларымыздың қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!





