"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

08 қыркүйек күні Мәдениет орта мектебінің ұжымы Президент Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауын тыңдады.

Previous Next
08 қыркүйек күні Мәдениет орта мектебінің ұжымы Президент Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы экономика, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, экология және әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне баса назар аударды. Әсіресе, білім беру сапасын арттыру, мұғалімдерді қолдау, жастардың ІТ саласындағы дағдыларын дамыту және оқу үдерісіне жасанды интеллект енгізу мәселелері ерекше аталып өтті. Бұл — білімнің бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы маңызды рөлін көрсетеді.
Сондай-ақ Жолдауда әлеуметтік әділеттілікке, аз қамтылған азаматтарды қолдауға, сыбайлас жемқорлықпен күреске және сот жүйесіне деген сенімді арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Жастардың бойында патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылды болып табылады. Жастар "Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау" деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынатындары жайлы айтып өтті.
Бұл Жолдау – әділетті, қуатты және өркендеген Қазақстанды құру жолындағы ортақ іске белсенді атсалысуға шабыт береді.
Записаться на прием