Жыл сайын 1 сәуірде әлемде Халықаралық құстар күні атап өтіледі, оның мақсаты планетадағы құстардың түр алуандығы мен көптігін сақтау болып табылады.
1- сәуір күні бастауыш сынып оқушыларымен мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Асима Ерденовна “Құстар біздің досымыз” атты тақырыпта құстарға байланысты іс-шара өткізді. Оқушылар аталған іс-шараға белсене қатысып, құстар жайлы өлең жолдарын оқыды.