"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

4 наурыз күні биология пәнінен «Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Previous Next
4 наурыз күні биология пәнінен «Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға адам генетикасының маңызын түсіндіру, адамның тұқымқуалайтын белгілерін зерттеу әдістерімен таныстыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында оқушылар адам генетикасының негізгі ұғымдарымен танысып, тұқымқуалаушылықтың адам өміріндегі рөлі туралы мәлімет алды. Сонымен қатар генеалогиялық әдіс, егіздер әдісі, цитогенетикалық және биохимиялық зерттеу әдістері туралы түсінік берілді. Түрлі тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы оқушылар өз білімдерін нығайтып, белсенділік танытты.
Ашық сабақта заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар орындалды. Сабақ тартымды әрі мазмұнды өтіп, оқушылар тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабақ соңында оқушылар алған білімдерін қорытындылап, кері байланыс жүргізілді. Ашық сабақ оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттырып, генетика ғылымының маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Пән мұғалімі: Асима Ерденовна
Записаться на прием