5 наурыз күні мектебімізде математика пәнінен «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ондық бөлшектермен амалдар орындау тәсілдерін меңгерту, есеп шығару дағдыларын дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ барысында оқушылар ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын орындау жолдарын қайталап, түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындады. Топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өзара пікір алмасып, есептерді бірлесе шешті. Сонымен қатар қызықты тапсырмалар мен практикалық есептер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылды.
Сабақта заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, көрнекіліктер мен интерактивті тапсырмалар пайдаланылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді.
Пән мұғалімі: Жанар Сабыровна





