"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

8 наурыз – көктемнің шуақты мерекесі, аналар мен аруларға құрмет көрсететін ерекше күн. Осыған орай мектебімізде “Аяулы анашым” атты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды

Previous Next
8 наурыз – көктемнің шуақты мерекесі, аналар мен аруларға құрмет көрсететін ерекше күн. Осыған орай мектебімізде “Аяулы анашым” атты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кештің мақсаты – аналарға, ұстаздарға және барлық нәзік жанды аруларға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы және отбасындағы ерекше орнын дәріптеу. Концерт барысында оқушылар аналарына деген шексіз сүйіспеншіліктерін ән, би және жүрекжарды өлеңдер арқылы жеткізді.
Шара барысында сахна төрінде әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалды. Оқушылар аналарға арналған әсерлі өлеңдерін оқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Записаться на прием