8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде 6–10 сынып оқушы қыздарына арналған "Ана - өмірдің шуағы" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараны мектебіміздің ұл балалары ұйымдастырып, қыздарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында ұл балалар қыздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік кеште әсем әндер шырқалып, көңілді ойындар мен қызықты байқаулар өткізілді. Қыздар өз өнерлерін көрсетіп, белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Осындай мерекелік іс-шаралар оқушылар арасындағы сыйластықты арттырып, бір-біріне деген құрмет пен ізеттілікке тәрбиелейді. 

Жаңалықтар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде 6–10 сынып оқушы қыздарына арналған "Ана - өмірдің шуағы" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Қаралды: 10





