"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

#Адал_азамат #Адал_азамат_эссе #Білімім_Отаныма

#Адал_азамат #Адал_азамат_эссе #Білімім_Отаныма
Аты-жөні. Төлеген Кәусар Серікқызы
Сынып: 1-сынып
Мектеп: Мәдениет орта мектебі
Ауданы: Айыртау ауданы
Облыс: Солтүстік Қазақстан облысы
«Таза Қазақстан»
Мен өзімнің кең байтақ Отанымды сүйемін. Отан – бұл біздің туған жеріміз. Ал туған жерімізді бәріміз де аялау керекпіз. Ол үшін біз сапалы білім алуға ұмтылу қажетпіз. Алған білімдерімізді өмірімізде тиімді қолдану біздің міндетіміз. Мен өз білімімді өлкеміздің қорашаған ортаға арнар едім. Себебі мені толғандыратыны айналамыздағы қоқыстар. Әрқайсысымыз осы мәселеге көңіл аударуын сұраймын. Әрбіреуіміз қоқысты далаға лақтырмай, арнайы пакетке жинап жүргеніміз дұрыс. Кейін оны арнайы қоыс лақтыратын орынға немесе жағып тастауға болады.
Мен ұстазым мен ата-анамды тыңдап, қоқысты айдалаға лақтырмай жүремін. Себебі қоқыстарды лақтыру өңірімізді лас етеді. Ал бұл өзіміздің жұтатын ауамызға да, денсаулығымызға да әсер етеді. Осы мақсатпен әрбір таза сенбілікке белсенді қатысуға тырысамын. Себебі мен өз Отаныма кішігірім болса да өз үлесімді қосқым келеді.
Әр адам өз қоқыстарын маңайға тастамай мән берсе, еліміз, жеріміз таза болады. Жақсы білім алып, өз елімізді ластықтан қорғайық!
Записаться на прием