Аты-жөні: Тоқсанбай Альфия Ерланқызы
Сынып: 2-сынып
Мектеп: Мәдениет орта мектебі
Ауданы: Айыртау ауданы
Облыс: Солтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан – біздің Отанымыз. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деген мақалда айтылғандай Қазақстаннан артық жерді бұл әлемнен таппаймыз. Ал Отан отбасынан, ауылымыздан басталады.
Менің кішкентай Отаным Қарасай батыр ауылы. Мен осы ауылда тудым. Топырағына аунап, көбелегін қуалап, балдай тәтті суын ішіп, ауасын жұтып, қырдағы гүлін теріп өсіп келемін. Ауылымның әр тасы мен үшін қымбат. Әсіресе көктемде айнала жасыл желекке оранып, ағаштары бүршік жарған кезде табиғатына қарап, көзің тоймайды. Бірақ сол әсем далада шашылып жатқан қоқыстарды көргенде жерімді аяп кетемін. Мектепте ұстаздарымыз, үйде ата-аналарымыз қоқыс қалдықтарының табиғатқа қандай зиян тигізетінін айтып отырады. Қар ери салысымен ұстаздарымызбен мектеп айналасын тазалауға шығамыз. Үйдің де айналасын таза ұстауға тырысамыз. Айналамызды таза ұстасақ ауамыз да таза болады. Ендеше біздің де денсаулығымыз мықты болады.
Болашақта таза Қазақстанның білімді азаматшасы болып, елімнің ары қарай өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Адал_азамат #Адал_азамат_эссе #Білімім_Отаныма