Ананың мейірімі мен қамқорлығы – әр баланың өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Осы орайда мектебімізде оқушылардың аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында “Анама сыйлық” атты шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар өз қолдарымен түрлі әдемі бұйымдар жасап, аналарына арналған ерекше сыйлықтар дайындады. Олар түрлі түсті қағаздардан ашық хаттар, гүлдер, қолөнер бұйымдарын жасап, әр жұмысқа жүрек жылуын қосты. Әрбір бала анасына деген алғысын, махаббатын шығармашылық жұмыстары арқылы жеткізуге тырысты.
Пән мұғалімі: Рахимбергенов К.Т





