"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Қауіпсіздік бойынша ата-аналарға және оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Previous Next
Қауіпсіздік бойынша ата-аналарға және оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді.
Оқушыларға түрлі жағдаяттар ұсынылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Танымдық ойындар мен түсіндіру жұмыстары арқылы балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігі артты. Іс-шара оқушылардың өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтауға саналы түрде қарауына ықпал етті. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Записаться на прием