"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқаны басталды

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқаны басталды
Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқаны басталды
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді.
Бұл бастама балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Аталған науқан «Әкем тірегім, анам жүрегім» ұранымен басталады.
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.
Записаться на прием