"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Бүгін 2026 жылдың 03 наурыз күні мектебімізде география пәнінен «Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Previous Next
Бүгін 2026 жылдың 03 наурыз күні мектебімізде география пәнінен «Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар табиғи ресурстарды (минералдық, су, жер, орман, биологиялық ресурстар) жіктеп, олардың ел экономикасындағы рөлін талдады. Сонымен қатар ресурстарды тиімсіз пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлері туралы пікір алмасты. Топтық жұмыс кезінде оқушылар Қазақстандағы табиғи ресурстардың жағдайын зерттеп, оларды ұтымды пайдалану жолдары бойынша ұсыныстарын қорғады. Экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселесі кеңінен талқыланды. Сабақта интерактивті әдістер жасанды интеллект бойынша құрастырылған түрлі тапсырмалар, талдау жұмыстары және өмірмен байланысты практикалық мысалдар қолданылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Ашық сабақтың нәтижесінде білім алушылар табиғи ресурстарды бағалаудың екі маңызды қырын – экономикалық пайда мен экологиялық жауапкершілікті түсініп, тұрақты даму қағидалары туралы білімдерін тереңдетті.
География пәні мұғалімі: Айгерим Нурхалиқызы
Записаться на прием