Бүгін мектебімізде "Суды үнемде – болашақты сақта!" атты сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар су ресурстарының маңыздылығын, оны ұқыпты пайдалану жолдарын және болашақ ұрпақ үшін судың рөлін тереңірек түсінді.
Балалар белсенді қатысып, қызықты мәліметтермен бөлісті, су үнемдеуге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Осындай тәрбиелік шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулиды.