"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Бүгін мектебімізде “Жаратылыстану әлеміне саяхат” атты апталықтың ашылуы өтті

Previous Next
Бүгін мектебімізде “Жаратылыстану әлеміне саяхат” атты апталықтың ашылуы өтті. Бұл апталық – табиғаттың тылсым сырларын танып-білуге, ғылымға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды шара. Жаратылыстану ғылымдары – қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тірі ағзалардың ерекшеліктерін зерттейтін үлкен әлем. Осы орайда апталық аясында оқушылар физика, химия, информатика, алгебра, биология және география пәндері бойынша түрлі сайыстарға, тәжірибелік жұмыстарға, зияткерлік ойындарға және танымдық көрмелерге қатысады. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.
Алдағы күндері сіздерді қызықты тәжірибелер, танымдық викториналар және шығармашылық жұмыстар күтіп тұр. Әрбір қатысушы өз білімін көрсетіп қана қоймай, жаңа жаңалық ашуға мүмкіндік алады.
Записаться на прием