11-маусым күні мектеп жанындағы «Толағай» жазғы демалыс лагерінде «Ертегілер елінде» атты күні өтті.
Әдеттегідей күн бой жазу жаттығуларынан, психологиялық көңілді күй сыйлау тренингінен басталды.
Келесі кезекті ертегілер әлеміне арнадық. Топпен жұмыс жасау түрі болды.Үйге берілген тапсырма бойынша топтар өздеріне бір ертегі таңдап, сол ертегіге қойылым қойды. «Жұлдыздар» тобы «Қасқыр мен жеті лақ», ал «Жалау» тобы «Ару мен құбыжық» ойынын сомдап,қойылым қойды.
Балалар асқан тапқырлықпен,қызығушылықпен,шығармашылықпен дайындалып қойылымдары сәтті өтті.
Біздің кішкентай актёрлар, жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін!