Мектебімізде «Болашаққа қадам: роботтар көрмесі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамыту, болашақ технологиялар әлемімен таныстыру. Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі робот үлгілерін таныстырып, олардың жұмыс істеу принциптері мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қатысушылар роботтарды құрастыру барысында қолданылған бөлшектер мен бағдарламалау тәсілдері жөнінде де мәлімет ұсынды.
Іс-шара оқушылардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттырып, болашақта жаңа технологияларды меңгеруге деген ынталарын күшейтті. «Болашаққа қадам: роботтар көрмесі» жас өнертапқыштардың шығармашылығын шыңдап, білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді. 






