Оқушының аты-жөні: Биржанова Самира
Сыныбы: 9-сынып
Мектебі: «Мәдениет орта мектебі» КММ
Ауданы: Айыртау ауданы
Облысы: Солтүстік Қазақстан облысы
Эссе
Заң және тәртіп
Қоғам тұрақты әрі бейбіт өмір сүру үшін, заң мен тәртіптің рөлі орасан зор. Заң-бұл әр азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын ереже. Ал тәртіп -осы заңдарды сақтау мәдениеті. Егер заң болмаған жағдайда, адамдар арасында қақтығыстар мен бейберекеттік орын алар еді.
Қоғамның дамуы мен өркендеуі тікелей заң мен тәртіпке байланысты. Егер елде әділ заң жұмыс істеп, халық оны орындаса, онда сол мемлекетте бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу болады. Әр адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, құқықтары қорғалады. Қазіргі таңда еліміз әлем елдерімен терезесі тең мемлекет ретінде дамып келеді. Мұндай жетістікке жету үшін қоғамда заң үстемдігі орнауы қажет. Мемлекетімізде түрлі реформалар, заңнамалық өзгерістер орын алып жатыр. Бұл - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Алайда кез келген заң өздігінен орындалмайды. Оны жүзеге асыратын-халықтың тәртіптілігі, санасы мен жауапкершілігі. Жауапкершіліктен шығып, заңсыз іс-әрекеттерге барып жататын да жағдайлар кездеседі. Ол арнайы сот істері арқылы және айыппұл төлеу арқылы жазаланып жатады. Бұған шек қоюдың бір жолы- отбасында толыққанды тәрбие алып, әр ұрпақтың тәртіпті де тәрбиелі, елге жаныашыр, қоғамға өз үлесін тигізер азамат болу керек деп ойлаймын. Осы орайда, Әлихан Бөкейхановтың мына сөзі есіме түседі «Елге қызмет жасау білімнен емес, мінезден» Сондықтан да ҚР әр азаматы заңға бағынып, қоғамда тәртіп сақтауымыз керек.
Қорыта айтқанда, заң мен тәртіп -қоғамның тыныштығы мен дамуының басты тірегі. Заң бар жерде тәртіп, ал тәртіп бар жерде бейбіт өмір болады. Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, міндетін де дұрыс орындауы қажет. Заңды құрметтеп, тәртіпті болу-әр азаматтың парызы. Тек сол кезде ғана біз әділетті , гүлденген және болашағы жарқын мемлекет құра аламыз.
Оқушының аты-жөні: Табылды Айару
Сыныбы: 5-сынып
Мектебі: «Мәдениет орта мектебі» КММ
Ауданы: Айыртау ауданы
Облысы: Солтүстік Қазақстан облысы
Заң дегеніміз- әр азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын ереже.. Заңсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Заң барлық мемлекеттерде бар. Заңды қоғамдық жерде сақтамасаң, айыппұл салуы мүмкін. Мысалы: автобустың ішінде өте көп адамдар отырады, сондықтан автобустың ішінде қоқыс тастауға, үлкенге дауыс көтеруге, жаман сөз айтуға болмайды. Адам дүниеге келгеннен бастап заң жүзінде қорғауға алынады. Біреудің жеке меншігіне басқа адманың қол сұғуына хақы жоқ. Жеке меншікке қол сұққан адам жазалануы әбден мүмкін және де адамға қол көтеруге, дауыс көтеруге болмайды, оған бөгде біреудің хақысы мүлде жоқ. Егер де дауыс көтеріп, қол көтерсе тез арада сотқа арыз жазу керек. Ондай адам тәрбиесіз деп есептеледі. Тәрбиенің барлығы отбасынан шығады. Ертеде заң мен тәртіп болмағанда, адамдар ата – бабаларымыздың сөзін тыңдаған, ата-баба дәстүрін ұстанған.. Егер де бір нәрсе істеп қойып, оны мойындамаса ата – бабаларымыздың жазасын ешбір сөз айтпастан қабылдап отырған. Міне , осылай заң мен тәртіпті қоғамдық жерлерде, өмірде ешбірін бұзбай сақтау өте маңызды. Бұл қоғамға көмегін тигізеді.