Көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебісіздің кітапханасында «Көктем. Арулар. Гүлдер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларға көктемнің әсемдігін, әйел-ананың қоғамдағы ерекше орнын насихаттау, аруларға деген құрмет пен ізетті арттыру.
Көрмеге көктем мезгілі, табиғаттың жаңаруы, аналар мен арулардың сұлулығы мен мейірімін сипаттайтын көркем шығармалар, өлеңдер мен танымдық кітаптар қойылды. Оқушылар кітаптармен танысып, көктем туралы қызықты мәліметтер алып, аналар мен қыз-келіншектерге арналған шығармаларды қызығушылықпен тамашалады.





