"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Келешек мектептері» директорларымен онлайн кездесу өтті

📡 «Келешек мектептері» директорларымен онлайн кездесу өтті
🗓️ Басқосуда осы оқу жылының қорытындылары мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар мектеп басқару тәжірибесі, мұғалімдердің кәсіби дамуы және кадрлық іріктеу жүйесі сөз болды.
🎙️ Кездесуге модераторлық еткен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев алғы сөз сөйлеп, жобаның мән-маңызын айқындап берді.
🤝 Ақмола облысы мен Шымкент қаласындағы «Келешек мектептерінің» директорлары жергілікті деңгейдегі тәжірибелерімен бөлісті.
📊 «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Айдана Шилибекова педагогтер мен мектеп басшыларын бағалауға арналған пилоттық жобаның мазмұнын таныстырды. Сондай-ақ орталық өкілдері базалық курстардың нәтижелерін ұсынып, жоба аясында жас мамандарды іріктеуге арналған career.orleu.edu.kz цифрлық платформасының мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.
💬 Кездесу ашық пікір алмасуға, ұсыныстарды ортаға салуға және алдағы бағыттарды нақтылауға мүмкіндік берді.
____
Директора «Келешек мектептері» обсудили ключевые темы на онлайн-встрече
🗓️ В ходе встречи были подробно обсуждены итоги учебного года и планы на предстоящий период. Также были рассмотрены вопросы школьного управления, профессионального развития педагогов и системы кадрового отбора.
🎙️ Модератором мероприятия выступил председатель Комитета среднего образования МП РК Каныбек Жумашев. В приветственном слове он подчеркнул значимость проекта и обозначил его ключевые приоритеты.
🤝 Руководители школ из Акмолинской области и города Шымкента поделились опытом работы в своих учреждениях.
📊 Председатель правления АО НЦПК «Өрлеу» Айдана Шилибекова представила содержание пилотного алгоритма рейтинговой оценки педагогов и руководителей школ. Представители центра также рассказали о результатах базовых курсов и возможностях цифровой платформы career.orleu.edu.kz, предназначенной для отбора молодых специалистов в рамках проекта.
💬 Встреча стала площадкой для открытого диалога, обмена идеями и уточнения дальнейших направлений работы
Записаться на прием