"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Мәдениет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 31 наурызда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша атқарылған жұмыстарының есебі

«Мәдениет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 31 наурызда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
«Мәдениет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 31 наурызда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары аясында «Мәдениет орта мектебі» КММ өзіне тиесілі міндеттерін атқаруда.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомствалық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін атқарады. 1 сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында Egov.kz , «SmartNation» порталы арқылы қабылданады.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестатаудан өткізу мемлекеттік қызмет стандарты бойынша Ұстаз платформасы арқылы педагогтерден өтініштер қабылданды. 2 мұғалім педагог-сарапшы біліктілік санатына, 1 мұғалім педагог-модератор біліктілік санатына өтініш білдірді.
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініштері қабылданды. 2025-2026 оқу жылында 1-4 сынып оқушылары барлығы 13 бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Халықтық әлеуметтік осал топтар санатына жататын 1 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
​​«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша es.iac.kz платформа арқылы ақпан айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне сәйкес жалпы, негізгі орта білім беру туралы құжатының телнұсқасы берілген жоқ.
Записаться на прием