"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Мәдениет орта мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерекше мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Previous Next
Мәдениет орта мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерекше мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараны мектептің бастапқы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Майым Галымовна және ұжымның ер азаматтары ұйымдастырып, аяулы аналар мен нәзік жандыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік кеш барысында әйелдер қауымына құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы, отбасындағы және білім беру саласындағы еңбектері ерекше атап өтілді. Ер азаматтар ұжымдағы әйелдер қауымын шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Концерттік бағдарлама барысында көңілді көріністер мен жылы лебіздер, сонымен қатар түрлі форматтағы ойындар ойнатылды. Ер азаматтардың дайындаған өнерлері көпшілікке ерекше әсер қалдырып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара соңында әйелдер қауымына алғыс білдіріліп, гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Мерекелік концерт барша қатысушыларға қуаныш сыйлап, ұжымдағы сыйластық пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Записаться на прием