Қазақтың қайталанбас ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырлары – мәңгілік мұра. Оның өлеңдері шынайы сезімге, терең ойға, туған жерге деген махаббатқа толы.Оның әр өлеңі – өмірдің айнасы, әр жолы – жүректің үні. "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали жырлары бүгінде әр қазақтың аузында.
Мектебіміздің кітапханасында Мұқағали Мақатаевқа арналған көрме ұйымдастырылды. Оқушылар ақынның өмірімен және шығармашылығымен танысып, өздері білетін өлеңдерін айтты.