"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

"Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету"

Previous Next
Бүгінгі күні МДБ ұйымының әдіскері Абильтаева А. Б мен ОТЖ орынбасары Рахимбергенова Г. Г.-ның ұйымдастыруымен "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету" тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешісі және бастауыш сынып мұғалімдері арасында ашық есік күні аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
МДБ тәрбиешілерінің балаларды мектепке дайындаудағы рөлі тақырыбында Нашарбаева С. О. таныстырылым жасап, “Баланы бастауыш мектепке қалай дайындау керек” тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Баланың жеке даму парағының сараптамасы және 1-сыныпта оны қолданудың(ескеру,назарға алу) пайдасы,тиімділігі тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Жанакулова Г. М. өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Педагог-психолог Кабиденова Д. К. "Балалардың мектепке психологиялық дайындығы" тақырыбында баланы мектепке психолгиялық тұрғыдан дайындау тәсілдерін айтып өтті. Қорытындысында сәтті ұсыныстар талданып, пікір алмасты.
Записаться на прием