"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Наурыз – думан» тақырыбында ұйымдастырылған балалар шығармашылығы көрмесі мектебімізде ерекше сән-салтанатпен өтті.

Previous Next

«Наурыз – думан» тақырыбында ұйымдастырылған балалар шығармашылығы көрмесі мектебімізде ерекше сән-салтанатпен өтті. Көрменің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және Наурыз мейрамы мерекесінің мән-маңызын тереңінен насихаттау болды. Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын ұсынып, қиялдары мен шеберліктерін паш етті. Атап айтқанда, ұлттық нақыштағы қолөнер туындылары, суреттер, ою-өрнектер, макеттер мен сәндік бұйымдар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Әрбір жұмыс көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті бейнелеп, Наурыз мерекесінің думанды көңіл-күйін айқын жеткізе білді.
Записаться на прием