"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Ұстаз – ұлттың шамшырағы

Previous Next
Ұстаз – ұлттың шамшырағы.
Осындай биік атаққа лайық жандардың бірі – Мәдениет орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 29 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз Кабакова Салтанат Сабырбековна. Еңбекқорлық пен жауапкершілікті серік еткен Салтанат Сабырбековна саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнап, талай шәкірттің жүрегіне білім шырағын жақты. Ұстаздық жолдағы ізденісі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде оқушылары пән олимпиадалары мен шығармашылық байқауларда, көркем оқу сайыстарында үнемі жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.і
Биылғы жылдың өзінде жеткен жетістіктері – соның айқын дәлелі:
– Мұқағали Мақатаев оқуларында Табылды Аяна облыстық кезеңде ІІІ орын иеленді;
– Еқсан Сара пән олимпиадасында облыстық кезеңде І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды;
– Біржанова Самира «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі, шәкірт сенімінің жеңісі. Осындай ұлағатты ұстаз – жас ұрпаққа ғана емес, әріптестеріне де үлгі тұтар тұлға. Ұстаз еңбегі қашанда құрметке лайық!
Мәдениет орта мектебінің бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы: Жусупова М.Г.
Записаться на прием