«Судағы қауіпсіздік – өмір қауіпсіздігі»
Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «Мәдениет орта мектебі» КММ-де суда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, су жағасында тәртіп сақтау, мұз қатқан су айдындарына жақындамау және төтенше жағдай кезінде көмек шақыру жолдары түсіндірілді.
Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу!





