"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Суицидтік әрекеттердің алдын алу» тақырыбында түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілді.

Previous Next
Балалардың өмірі мен психологиялық саулығын қорғау, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналармен «Суицидтік әрекеттердің алдын алу» тақырыбында түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп психологы М.Г.Жусупова суицид ұғымы, оның пайда болу себептері, жасөспірімдер арасындағы қауіп факторлары және алдын алу жолдары туралы кеңінен мәлімет берді. Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді дер кезінде байқау, онымен сенімді қарым-қатынас орнату, эмоциялық қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, отбасындағы психологиялық ахуалдың бала өміріндегі рөлі, ата-ананың үлгі болуы, баланы тыңдай білу және қиын жағдайда жалғыз қалдырмау мәселелері талқыланды. Ашық диалог форматында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайларға байланысты пайдалы кеңестер алды.
Іс-шара соңында ата-аналарға сенім телефондары, психологиялық көмек көрсету орталықтарының байланыс нөмірлері ұсынылып, кез келген күрделі жағдайда кәсіби мамандарға жүгінудің маңыздылығы ескертілді.
Аталған іс-шара ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттырып, бала өміріне немқұрайлы қарамау, алдын алу шараларын бірлесіп жүзеге асыру қажеттігін ұғындыруға бағытталды.
Записаться на прием