Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасының "Заң және тәртіп" айлығы негізінде 15 қаңтар күні "Адалдық және әділдік” тақырыбында “Адал ұрпақ” еріктілерімен онлайн форматта адалдық сағаты өткізілді.
«Адалдық пен әділдік» іс-шарасы – жастар мен оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік шара. Іс-шара барысында адал еңбек ету, әділ шешім қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру тақырыптары қозғалды.





