"Мәдениет орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Жер сағаты» акциясына арналған іс-шара өткізілді

Previous Next
Мектебімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға үн қосу мақсатында «Жер сағаты» акциясына арналған іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар мен мұғалімдер белгіленген уақытта жарықты сөндіріп, энергияны үнемдеудің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Іс-шара аясында танымдық әңгімелер, экологиялық тақырыптағы викториналар ұйымдастырылып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын постерлер мен суреттер арқылы жеткізіп, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті.
Записаться на прием